«Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 405 бұйрығы

 «Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 405 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында:

3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аумақтық бөлімше - Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің көліктік бақылау инспекциясы;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу - нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жіктелетін, тасымалдау процесін жүзеге асыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптардан ауытқу нәтижесінде болған теміржол оқиғасы;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) уәкілетті органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.